Accessibility links

"Банк секторына триллион теңге қаржы бөлу" туралы жарлық жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан банк секторын сауықтыруға бір триллион теңге бөлу туралы жарлық шығарды.

"Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланған, 14 ақпанда шыққан жарлықта Ұлттық қордан 2017 жылдың бюджетіне Қазақстанның банк секторына бір триллион 93 миллиард теңгеге жуық трансферт бөлінсін делінген.

Ақпанның ортасында Ұлттық банк үкімет проблемалық несиелер қорына банктердің проблемалық несиелерін төлеуге екі триллион теңге бөлетінін мәлімдеген.

Бір ай бұрын президент Назарбаев Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандық банктерді "әлсіз" деп атаған.

Қаңтардың соңында Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауында елдің банк секторын сауықтыру қажетін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG