Қазақстан конституциясында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттілікті қалыптастырудағы рөлі мен маңыздылығын көрсетуді ұсынды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.
Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, парламентте талқыланып жатқан билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынша конституцияға өзгерістер енгізу жобасын талқылау кезінде мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Астана әуежайына елдегі басқа да маңызды нысандарға Назарбаевтың атын беруді ұсынған. Депутаттың сөзіне қарағанда, конституцияның 91-бабының 2-тармағында келтірілген мемлекеттің мызғымас құндылығы ретінде тәуелсіздікті ғана емес, сонымен қатар "тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы әрі көшбасшысының" ұстанымдары мен мәртебесін де қосуды ұсынды.
"Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында біз конституцияда тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізді құрудағы ерекше үлесін атап көрсетуді ұсындық... Конституциялық реформа жобасын жалпыхалықтық талқылау кезінде сайлаушыларымыз бұл бастамаларды қолдады. Астана әуежайын, басқа да нысандар мен кәсіпорындарды Тұңғыш президенттің атымен атау туралы ұсыныстар айтылды" деді Хаменова.
Бұған дейін, 2016 жылы қарашада Хаменова Астананы Елбасы деп атауды ұсынған.