Accessibility links

Депутаттар Астанаға Назарбаевтың атын беруді тағы да ұсынды


Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламентінің депутаттары ел астанасына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру жайын тағы көтерді. Парламент палаталарының билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынша конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылайтын бірлескен отырысында сенат депутаты Дархан Қалетаев астана мен елдегі нысандарды тұңғыш президенттің атымен атау ұсынысы "заманауи әрі өзекті" екенін айтты. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бұрынғы Целиноградтың (Астананың СССР кезіндегі атауы) байырғы тұрғыны ретінде астананың атауын өзгертуді қолдайтынын мәлімдеді.

"Мұның астананы ғана емес, тәуелсіз Қазақстанды да қалыптастырған адамға қатысты символ ғана емес, әділетті де болады деп ойлаймын" деді Казанцев.

Депутаттар Астананың атауын Қазақстанның тұңғыш және әзірге жалғыз президентінің атымен атауды бірінші рет ұсынып отырған жоқ. Өткен жылы қарашада мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов конституцияда Назарбаевтың "мемлекет құрудағы ерекше үлесін" көрсетуді және Астананы Назарбаевтың атымен атауды ұсынған. Ол кезде мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова астананы Елбасы атауды, сенат депутаты Михаил Бортник қаланы Астана-Елбасы деп атауды ұсынған. Назарбаевтың өзі ол кезде депутаттардың ұсынысына алғыс білдіріп, Астананың атын өзгертуді қабылдамаған. Назарбаев өзіне өзгелердің президенттің "мемлекет құрудағы еңбегін" елеп жатқаны "жағатынын" айтқан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG