Accessibility links

Парламент конституцияны өзгерту жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады


Парламент палаталарының бірлескен отырысы, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент палаталарының бірлескен отырысы, Астана (Көрнекі сурет).

Мәжіліс пен сенат депутаттары бүгін бірлескен отырысында билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынга конституцияға өзгерістер енгізу жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бүгін парламентке президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.

Президент әкімшілігінің басшысы, конституциялық реформа бойынша жұмысшы тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков заң жобасын екінші оқылымда 6 наурызда қарауды ұсынып, депутаттар оны қолдаған.

Қаңтардың соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары - президент, парламент және үкімет арасында өкілеттіліктер қайта бөлінетінін мәлімдеген. Бұл бойынша конституцияға 40-тан астам өзгерістер мен түзетулер енгізу жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, жоба талқыланған бір айда азаматтардан конституцияның 63 бабына байланысты 6 мыңға тарта түрлі ұсыныс түскен.

XS
SM
MD
LG