Accessibility links

Черногория оппозиционерлері Трамп кеңесшісіне хат жазды


Черногориялық оппозиция лидері Андрия Мандич прокуратура алдында тұр. Подгорица, 3 наурыз 2017 жыл.
Черногориялық оппозиция лидері Андрия Мандич прокуратура алдында тұр. Подгорица, 3 наурыз 2017 жыл.

Черногорияда өткен жылғы күзде «мемлекеттік төңкеріске дайындыққа қатысы бар» деп айыпталған оппозиция лидерлері Андрия Мандич пен Милан Кнежевич АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Стивен Бэннонды Черногорияның НАТО-ға енуіне жол бермеуге шақырған.

Беннонға жолдаған хатта Мандич пен Кнежевич НАТО-ға мүше болуға Черногория «дайын емес», ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әкімшілігі Черногорияны солтүстік атлантикалық одаққа қабылдауды қолдаған АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитетін осы мәселеге байланысты шатастырған деп жазған.

Бұған дейін Черногория парламенті «мемлекеттік төңкеріске дайындыққа» қатысты айып тағылған Мандич пен Кнежевичті депутаттық иммунитеттен айыру туралы шешім қабылдаған. Ол екеуімен бірге Ресейдің бірнеше азаматына да айып тағылған. Бұл іс бойынша тергеудің аяқталуын күткен прокуратура оларды тұтқындауға ордер бермеген.

XS
SM
MD
LG