Accessibility links

Вьетнамға Қазақстан астығы жеткені хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан астығының алғашқы партиясы бүгін Вьетнамға жетті деп хабарлайды Қазақпарат. Көлемі 720 тонна болатын қазақстандық астықты Қытайдың шығысындағы Ляньюньган порты арқылы Вьетнамның Хошимин портына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еншілес кәсіпорны жеткізген.

Жүкті қарсы алу рәсіміне қатысқан Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмахановтың сөзінше, Қазақстан астығы Вьетнам мен Еуразия экономика одағы арасындағы еркін сауда аймағы туралы қол қойылған келісім аясында «Қазақстан - Ляньюньган порты (Қытай) - Вьетнам» көлік дәлізі арқылы алғаш рет жеткізіліп отыр.

«Негізгі міндет - жүкті Вьетнамға жеткізу ғана емес, Қытай аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға тауарларды жеткізудің логистикалық маршрутын тестіден өткізу. Біз нарыққа тек астық қана емес, азық-түлік өнімдерінің басқа да түрлерін жеткізуге әзірміз», - деген Жұмаханов.

XS
SM
MD
LG