Accessibility links

Ле Пен сайлауға дейін өзіне қатысты тергеуге барудан бас тартты


Марин Ле Пен.
Марин Ле Пен.

Франция президенттігіне кандидат, әсіреоңшыл «Ұлттық майдан» партиясыжетекшісі Марин Ле Пен екі көмекшіні жалдағаны жайлы жалған құжатпен Еуропарламент қаржысын ысырап қылған деген іс бойынша тергеуге жауап беруге сайлау компаниясы аяқталғанға дейін барудан бас тартқан.

AFP агенттігі сот Ле Пенге алаяқтық бабы бойынша айып тағуды жоспарлап отырғаны жайлы хабарлады. Ле Пен құрбылары мен оққағарларына Еуропарламент депутаты көмекшілері болып жұмысқа қабылданғаны жайлы жалған құжат толтырған деген күдікке қалып отыр. Ле Пен шығынды өтеу үшін жалпы сомасы 300 мың еуродан астам қаржы төлеуі тиіс болған, бірақ ол ақшаны құймаған. Қазіргі кезде Еуропарламент саясаткерден еңбекақысының жартысын ұстап қалады.

Осы аптада Еуропарламент Ле Пенді депутаттық иммунитеттен айыру туралы шешім қабылдаған. Оған саясаткердің 2015 жылы әлеуметтік желідегі өз парағына жариялап, қатты сынға қалғаннан кейін алып тастауға мәжбүр болған исламшылдардың өлім жазасын орындағаны жайлы сурет себеп болған. Депутаттық имунитеттен айырылған соң құқық органдары Марин Ли Пенді тергеп, үстінен іс қозғау мүмкіндігіне ие болды.

Наурыздың басында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, президенттік сайлау бәсекесінде Марин Ле Пен (26 пайыз дауыспен) алда келеді, онан кейін тәуелсіз кандидат, центрист Эманнуэль Макрон (23 пайыз), үшінші орында – оңшыл центрист Франсуа Фийон тұр.

XS
SM
MD
LG