Accessibility links

Қызыл Крест: ИМ тобы Мосулда химиялық қару қолданған


Мосулда Ирак армиясы мен жихадшылар арасындағы шайқастан түсірілген сурет.
Мосулда Ирак армиясы мен жихадшылар арасындағы шайқастан түсірілген сурет.

Халықаралық Қызыл крест комитеті Ирактың Мосул қаласында химиялық қару қолданылғаны туралы мәлімдеме жасады. Ұйымның хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы бақылауда ұстаған қаланың батыс аудандарында тыйым салынған қыша газы (иприт) қолданылған.

Мосул маңындағы ауруханаға соңғы екі күнде химиялық қарудан зардап шеккен белгімен бар жеті адам түскен. Үкімет күштері Мосулды азат ету әскери операциясын бастағалы бері химиялық қару қолдану оқиғасы алғаш рет мәлім болып отыр.

ИМ экстремистері Мосулды 2014 жылы басып алған. Ирак армиясы қаланы азат ету операциясын өткен жылы қазанда бастаған. Содан бері үкімет әскері исламшылдарды Мосулдың шығыс аудандары мен қала әуежайынан ығыстырып шығарған. Қазіргі уақытта қаланың батыс бөлігінде шайқастар жүріп жатыр.

Бұған дейін Ирактағы әскери операциялар барысында жихадшылар қолданған қарабайыр улы заттардан бірнеше адам зардап шеккен еді. 2015 жылы Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы иприт газын қолданғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG