Accessibility links

Кабардин-Балкарда қар көшкінінен жеті адам мерт болған


Кабардин-Балкар республикасындағы Эльбрус шыңы. (Көрнекі сурет.)
Кабардин-Балкар республикасындағы Эльбрус шыңы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің құрамындағы Кабардин-Балкар республикасында Чегет тауында болған қар көшкіні салдарынан мерт болған үш кісінің денесі табылған соң құрбандар саны жеті адамға жеткен. Бұл туралы республикалық төтенше жағдайлар қызметі хабарлаған.

Бұған дейін апаттан төрт адам – екі әйел және ер кісі қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Таудағы қар көшкіні жұма күні түс мезгілінде түскен.

Құтқарушылар тобы төтенше оқиға болған жерде іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатқаны хабарланды.

Ресми орындардың ақпараты бойынша, қар көшкіні Чегет тауының шаңғы тебуге тыйым салынған аймағында түскен.

XS
SM
MD
LG