Accessibility links

Ташкенттегі ең ұзақ көшеге Ислам Каримовтің есімі берілді


Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов.
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов.

Ташкент қалалық халық депутаттары кеңесінің шешімімен бұрынғы Өзбекстан көшесіне Ислам Каримовтың есімі берілді. Бұл шешім ел президенті Шавкат Мирзияевтің «Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Әбдіғаниұлы Каримовтің есімін мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы аясында қабылданды деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы).

Каримовтың есімі Ташкенттегі бес аудан - Мирабад, Юнусабад, Яккасарай, Шайхантохур және Чиланзар аудандары арқылы өтетін ең ұзақ көшеге беріліп отыр.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2016 жылғы қыркүйектің 2-і күні 78 жасында инсульт алып қайтыс болған. Ол Өзбекстанды 1989 жылдан бастап өмірінің соңына дейін басқарған.

XS
SM
MD
LG