Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы конкурста қазақ әнін орындады


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген '"I Am a Singer" байқауында (Сурет әншінің продюсерінен алынды).
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген '"I Am a Singer" байқауында (Сурет әншінің продюсерінен алынды).

Қытайдағы "I Am a Singer" ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген конкурстың 4 наурыздағы жетінші кезеңінде үшінші орын алды.

Ол бұл турда қазақтың халық әні "Дайдидауды" әнін орындады. Қазақстандық әншінің орындауын Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ансамблі сүйемелдеп отырды. Димаш Құдайбергеннің өзі осы университеттің студенті.

Өткен турда Димаш Құдайберген француз әншісі Лара Фабианның Adagio әнін орындап, бірінші орын алған. Қазақстандық өнерпаз алғашқы екі турда французша SOS d'un terrien en détresse әнін және ресейлік танымал әнші Витастың "Опера 2" атты туындысын орындап кезең жеңімпазы атанған. Ал Queen тобының "Show must go on" әнімен үшінші кезеңде үштікке енген.

Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан "I Am a Singer" ән байқауы барлығы 14 кезеңнен тұрады. Байқаудың келесі кезең 11 наурызда өтеді. Конкурс жеңімпазы сәуір айының соңында белгілі болады.

XS
SM
MD
LG