Accessibility links

Обаманың өкілі Трамптың "телефон тыңдау" жайлы сөзін жоққа шығарды


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) және АҚШ экс-президенті Барак Обама. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) және АҚШ экс-президенті Барак Обама. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың өткен жылы сайлауға дейін өзінің телефоны тыңдалғанын айтып, экс-президент Барак Обаманы айыптаған сөзін Обаманың өкілі Кевин Льюс «жалған» деп атады. Льюстің сөзінше, бұрынғы президент билікте болған кезде Обама да, Ақ үйдегі өзге ресми тұлғалар да ешбір АҚШ азаматын аңдуға пәрмен бермеген.

Льюстің мәлімдемесінде «Обама әкімшілігіндегі ең басты ереже: Ақ үйдегі ешбір ресми тұлға АҚШ әділет министрлігі жүргізетін тәуелсіз тергеу барысына ешқашан араласпайды деген ұстаным болатын» делінген.

Бұған дейін наурыздың 4-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында өткен жылғы қарашадағы сайлауға дейін «Трамп тауэр» ғимаратындағы өз телефон әңгімелері «Обаманың бұйрығы бойынша тыңдалғаны» туралы мәлімдеген. Бірақ Трамп сөзін дәлелдейтін ешқандай айғақ келтірмеген.

XS
SM
MD
LG