Accessibility links

Польша билік партиясы Дональд Тускті қолдаудан бас тартты


Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск.
Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск.

Польшадағы билік партиясы елдің бұрынғы премьер-министрі, Еуропа кеңесінің қазіргі төрағасы Дональд Тусктің осы қызметке екінші мерзімге сайлануына қолдау танытпайды. Бұл туралы «Құқық және әділет» партиясы басшылығының үкіметке ресми тапсырма берген. Бұдан бірнеше күн бұрын билік партиясы лидері Ярослав Качиньский Дональд Туск қазіргі қызметінде «бейтараптық принципін ұстанбағандықтан» Еуропа кеңесі төрағалығы үшін бәсекеде ресми Варшавадан қолдау күтпесін деп ескерткен.

Оның сөзінше, Дональд Туск «үкіметті заңсыз әдістермен төңкеру ниетін жасырмайтын (польшалық - ред.) оппозицияны тікелей қолдайды».

Дональд Тусктің орнына Варшава Еуропа кеңесі төрағасы қызметіне Польшадан сайланған Еуропарламент депутаты Яцек Сариуш-Вольскийді ұсынады. Оппозицияның мәлімдеуінше, биліктің мұндай шешімдері Польшаға зиянын тигізеді әрі «Тускті іс жүзінде Еуропа лидерлерінің барлығы дерлік қолдайтындықтан елдің атына кір келтіреді». Сонымен бірге оппозиция Сариуш-Вольскийдің Еуропа кеңесі төрағасы сайлауында жеңіске жетуіне ешбір мүмкіндігі жоқ деп санайды.

Еуропа кеңесі төрағасын сайлау 9-10 наурызға белгіленген.

XS
SM
MD
LG