Accessibility links

Нигерияда кепілге алынған ресейлік теңізшілер босатылған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Нигерия жағалауы маңында ақпан айында нигериялық пираттар қолына түскен ресейлік теңізшілер құтарылған. Олар қазір Германияның Франкфурт қаласы әуежайында және жақында Отанына оралады деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Ақпанның 5-і күні нигериялық теңіз қарақшылары Германияның Briese Schiffahrts компаниясы иелігіндегі кемені басып алған. Моторлы қайықпен шабуылдаған пираттар оқ жаудырып, кемедегі жеті ресейлік және бір украиналық теңізшіні кепілге алған. Кеме иесі теңізшілерді босату туралы пираттармен келіссөздер жүргізген. Тараптар кепілдегілерді ақша төлеп босату туралы келісімге келген, бірақ оның сомасы айтылмайды.

2016 жыды пираттар бірнеше рет ресейлік теңізшілерді тұтқынға алған. Өткен жылғы наурызда теңізші Иван Рудной тұтқыннан босатылды. Былтырғы жылдың соңында Нигериядағы Ресей елшілігі 2016 жылы қарашада тұтқынға түскен ресейлік теңізшілердің босатылғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG