Accessibility links

Ирак әскері Мосулдың батыс бөлігіне жаңа шабуыл бастаған


Мосулдың Ирак әскері мен жихадшылар шайқасып жатқан бөлігіндегі жарылыс. 1 наурыз 2017 жыл.
Мосулдың Ирак әскері мен жихадшылар шайқасып жатқан бөлігіндегі жарылыс. 1 наурыз 2017 жыл.

Ирак армиясы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің қолдауымен Мосул қаласының батыс бөлігіндегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы ұстап отырған аудандарға жаңа шабуыл бастаған. Ирак армиясы басшылығы үкімет әскері провинцияның басқару органдары орналасқан ескі қаланың орталығына жетуге әрекет етіп жатқаны туралы хабарлады.

Ирак армиясы 2014 жылдан бері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қолында болған қаланы жихадшылардан азат ету операциясын өткен жылы қазанда бастаған. Содан бері үкімет күштері исламшылдарды Мосулдың шығыс аудандары мен қала әуежайынан ығыстырып шығарған. Наурыздың 1-і күні Ирак әскер Мосулдың батысымен байланыстыратын соңғы ірі жолды бақылауына алды.

Халықаралық көші-қон ұйымының хабарлауынша, соңғы екі аптада 45 мыңға жуық тұрғын Мосулды тастап шыққан. Ақпанның 28-і күні 17 мыңнан астам адам шайқас жүріп жатқан қаладан кеткен.

XS
SM
MD
LG