Accessibility links

БҰҰ: Донбаста жыл басынан бері 20 бейбіт тұрғын қаза тапқан


Артиллериялық шабуылдан қираған үйінің алдында тұрған әйел. Авдеевка ауылы, Донецк облысы, Украина. 2 ақпан 2017 жыл.
Артиллериялық шабуылдан қираған үйінің алдында тұрған әйел. Авдеевка ауылы, Донецк облысы, Украина. 2 ақпан 2017 жыл.

2017 жылдың басынан бері Донбаста қарулы жанжал салдарынан кемінде 20 бейбіт тұрғын қаза болып, 91 адам жараланған. Мұндай дерек БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы баяндамасында келтірілген. Құжатта бейбіт тұрғындардың артиллериялық қару, дүркіндете ату жүйелері мен танкілерден атқылау кесірінен құрбан болғаны айтылған.

БҰҰ басқармасы ақпараты бойынша, Донбаста 2014 жылы қарулы жанжал басталғалы бері барлығы екі мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, кемінде алты мың адам жараланған. Украина президенті Петр Порошенко ақпан айының соңында елдің шығысындағы үш жылға созылған соғыс барысында үкімет әскерінен екі жарым мыңға жуық сарбаз қаза тапқаны туралы хабарлаған.

Киевтің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер украин әскерінің позицияларын 100-ден аса рет атқылаған. Бір әскери қаза тауып, екеуі жараланған. Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» өкілдері болса оқ атпау режимін Украина әскерилері бұзды дейді.

XS
SM
MD
LG