Accessibility links

Беларусьте "арамтамақтар" салығына қарсы шерулер жалғасты


Наразылық акциясына қатысушылар "Негізгі масыл - шенеунік" деген жазу ұстап шықты. Брест, 5 наурыз 2017 жыл.
Наразылық акциясына қатысушылар "Негізгі масыл - шенеунік" деген жазу ұстап шықты. Брест, 5 наурыз 2017 жыл.

Брест қаласында президент Александр Лукашенконың «арамтамақтарға» салық салу туралы жарлығына қарсы кезекті шеру өтті. Азаттықтың Беларусь қызметінің хабарлауынша, наразылық акциясына мыңға жуық адам қатысқан. Әуелі қалалық атқару комитеті жанына жиналып митингі өткізгеннен кейін наразылар орталық көшемен жүріп өткен. Наразылық акциясына биліктен рұқсат алмаған. Ұсталғандар туралы ақпарат түспеген.

Беларусь елінде «арамтамақтарға» салынатын салық 2015 жылы сәуірде енгізілген. Президент Александр Лукашенконың жарлығына сәйкес, жыл ішінде 180 күннен аса жұмыс істемеген азаматтардың бәрі мемлекет қазынасына жыл сайын шамамен 200 еуро көлемінде бір жолғы салық төлеуі тиіс. Салықты төлеудің алғашқы мерзімі биылғы ақпанның 20-сында аяқталған. Қаңтардан бері Беларусь тұрғындары «арамтамақтар» салығына қарсылық білдіріп, жаппай шерулер өткізе бастаған. Бресте наразылар шеруі осымен қатарынан үшінші жексенбіде өтіп отыр. Осындай наразылық акциялары Барановичи, Бобруйск, Витебск пен Гродно қалаларында да өткен.

XS
SM
MD
LG