Accessibility links

АҚШ өзге елдерге қаржылай көмекті қысқартпақ


АҚШ қорғаныс министрлігі - Пентагон ғимараты.
АҚШ қорғаныс министрлігі - Пентагон ғимараты.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі басқа елдерге көмекке берілетін қаржы көлемін едәуір қысқартып, үнемделген қаржыны қорғаныс министрлігі қажетіне жұмсауды жоспарлап отыр. Қысқаратын қаржының нақты көлемі наурыздың 16-сы күні ұсынылады деген Ақ үйдің бюджет басқармасы директоры Мик Малвэни.

Пентагон бюджетінің көлемі қазір 600 миллиард доллардан асады. Ақ үй әкімшілігі Конгрестен әскери салаға жұмсалатын қаржыны 50 миллиард долларға көбейтуді сұрамақшы. Ақпан айында президент Трамп АҚШ армиясын нығайтып, жетілдіруге ниетті екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, әңгіме АҚШ армиясы күш-қуатын ең үлкен көлемде арттыру жайлы болып отыр.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) – мемлекеттік департаменттің басқа елдерге қаржылай жәрдем көрсетуге жауапты бөлімшесі жыл сайын 50 миллиард доллардан астам қаржы жұмсайды. Бұл мекеменің негізгі жұмыс бағыты сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және денсаулық сақтау салалары бойынша жәрдем таныту, шұғыл гуманитарлық көмек көрсету, кедей елдерге жанжалдың алдын алуға және демократияны қолдауға септесу тәрізді міндеттерді қамтиды.

XS
SM
MD
LG