Accessibility links

БҰҰ: Әл-Баб маңындағы соғыстан мыңдаған адам қонысынан айырылды


Сирияның соғыстан қираған Әл-Баб қаласы. 23 ақпан 2017 жыл.

Сирияның Әл-Баб қаласының маңындағы бес айға созылған соғыс кесірінен 66 мыңға жуық адам аймақтан кетуге мәжбүр болған деп хабарлады БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы. Ұйым мәліметінше, Әл-Баб маңындағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы соғысып жатқан түрік әскері мен оппозиция күштерінің әскери операциялары 40 мыңға тарта адамды үй-жайын тастап кетуге мәжбүр қылған. Әл-Баб қаласы ақпанның 23-і күні үш айға созылған соғыстан соң қайтарылған.

Күрд жасақтарының бақылауындағы Манбидж ауданы мен ИМ бақылауындағы Сирияның Түркиямен шекарасына жақын Әл-Хафса қаласы маңындағы ұрыс қимылдарынан тағы 26 мың адам тұрып жатқан қонысын тастап кеткен. Түрік әскері, Сирия үкіметі мен оппозиция күштері және күрдтер содырлардан тартып алған территорияларға иелік ету үшін бәсекелесіп жатыр. БҰҰ ИМ Сирияның оңтүстік-шығысына шегініп кеткенімен бұрынғыдай әлі де қауіпті деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG