Accessibility links

Солтүстік Корея бірнеше зымыран ұшырды


Солтүстік Кореяның 2017 жылы 12 ақпандағы зымыран сынағынан тікелей трансляция, Пхеньян.
Солтүстік Кореяның 2017 жылы 12 ақпандағы зымыран сынағынан тікелей трансляция, Пхеньян.

Солтүстік Корея төрт баллистикалық зымыран атып, олардың үшеуі Жапон теңізіне түсті деп мәлімдеді Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ парламентке жасаған үндеуінде.

"Солтүстік Корея бүгін бір уақытта төрт баллистикалық зымыран атып, олары мың километр қашықтыққа ұшты" деді бүгін Абэ. Ол зымырандардың үшеуі Жапонияның экономикалық аймағына жататын теңізге түскенін айтты.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі Жапон теңізіне қарай атылған "бірнеше зымыранды" тіркегенін мәлімдеді. Онда Оңтүстік Корея мен АҚШ зымыран ұшыру мәліметтеріне талдау жасап жатқанын айтты.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хванг Геан зымыран ұшыруға жауап ретінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынын өткізді. Пхеньянның нақты қандай зымырандар ұшырғаны әзірге белгісіз. Соңғы бірнеше айда Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыранын сынаған.

XS
SM
MD
LG