Accessibility links

Оралда "жаттығуға байланысты" сауда үйі қоршауда қалды


Құқық қорғау органдарының қызметкерлері антитеррорлық жаттығу кезінде тұрғындарды сауда үйіне кіргізбеді. Орал, 6 наурыз 2017 жыл.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері антитеррорлық жаттығу кезінде тұрғындарды сауда үйіне кіргізбеді. Орал, 6 наурыз 2017 жыл.

Оралдың орталығындағы "Атриум" сауда орталығында бүгін ондаған адам ғимаратта қамалып қалды. Полиция қызметкерлері себебін айтпастан ғимаратқа ешкімді кіргізбей, я ешкімді сыртқа шығармай қойды.

Орал тұрғыны, сауда үйінен шыға алмай қалғандардың бірі Қымбат Ұлжанованың айтуынша, әуелде полиция қызметкерлері өздеріне "террористер" туралы, кейін "жаттығу жүріп жатқаны" туралы айтқан.

Кейін Батыс Қазақстан обылстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қалада жоспарлы "Орал Антитеррор-2017" жоспарлы антитеррорлық жедел-тактикалық жаттығуы өтіп жатқанын хабарлады.

"Жаттығу өтетін аумақта жүріп-тұруға шектеу енгізілгеніне байланысты, тыныштық сақтауды, арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындаудысұраймыз" делінген ІІД хабарламасында.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG