Accessibility links

Инвестиция және даму министрлігінің шенеуніктері "пара алу" күдігімен ұсталды


Көрнекі сурет.

Инвестиция және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев пара алу күдігімен ұсталды деп хабарлады коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. Нұрабаевпен бірге орынбасары Н.Құрбанов және комитетке қарасты бірнеше құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері де ұсталған.

Ұлттық бюро баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Нұрабаев кәсіпкерлерден Қазақстан территориясында жер қойнауын пайдалану келісімдерін жасасу үшін тұрақты түрде аса ірі көлемде пара алатын қылмыстық топ құрып, басқарды деген күдікке ілінген.

Ресми мәлімет бойынша, бұл топқа "Центрказнедр" және "Южказнедр" мекемелерінің жетекшілері А.Қаржаубай мен Е.Әділханов, "Қазгеоинформ" геологиялық ақпараттардың республикалық орталығы" мекемесінің жетекшісі А.Өтегенов, Маңғыстау облыстық геология инспекциясының жетекшісі Б.Мұтан және комитеттің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері тартылған.

Ұлттық бюро Нұрабаев "ақшалай, көлік және пәтер түрінде жалпы көлемі 100 мың АҚШ долларынан астам пара алған" дейді.

Қазір Нұрабаев, Құрбанов пен "қылмыстық топтың мүшесі" делінген тағы 16 адам қамауға алынған. Бұл іс бойынша сот алды тергеуі жүріп жатыр.

AzattyqTV

AzatNews 20.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG