Accessibility links

Атамбаев "Азаттык" Радиосының қызметін сынады


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Азаттықтың Қырғыз редакциясы "Азаттык" Радиосын "өсек таратып, халықтың бірлігін бұзбақ болды" деп айыптады. Бұл туралы ол Бішкек түбіндегі "Ала-Арча" резиденциясында мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатында айтты.

"Шетелден қаржыландырылатын тәуелсіз ұйымдар мен БАҚ-тар елде өсек таратуға үлес қосып жүр. АҚШ конгресі қаржыландыратын "Азаттык" Радиосы қасиетті сөзді жамылып, мен туралы түрлі өсек таратып, алған ақшасын ақтап жүр. Атамбаевтың іліп аларлықтай бірнәрсесі болса мейлі екен. Ол туралы "Азаттык" бірден білетін еді. ЦРУ қос қолын қусырып отыр деп ойлайсыздар ма? Атамбаевты аңдитындар көп" деді Қырғызстан президенті.

Атамбаев сонымен қатар "Азаттыкты" "елдің бірлігін ыдыратпақ болды" деп те айыптады.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанда "Азаттык Медиа" деп тіркелген "Азаттык" Радисын бұрын да сынаған. Радио қырғыз тілінде 64 жылдан бері хабар таратады, қазір телеарна хабарларын жасап жатыр және интернетте, оның ішінде орыс тілінде жұмыс істейді. Редакция "Азаттык" журналистері ақпаратты объективті түрде берудің халықаралық стандарттарын сақтайтынын, билік құрылымдарында заңның бұзылғанына зерттеу жасайтынын айтады.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосының вице-президенті әрі бас редакторы Ненад Пежич Қырғызстан президентінің айыптауына жауап қатты. Пеич "Азаттык" Радиосы журналистиканың қатаң талаптарын ұстанатынын айтып, егер қандай да бір материалдың жалған екендігі дәлелденсе оны жоюға дайын екенін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG