Accessibility links

МАГАТЭ басшысы АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастықты үзбейтініне сенімді


МАГАТЭ басшысы Юкия Амано (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесіп тұр. Вашингтон, 2 наурыз 2017 жыл.
МАГАТЭ басшысы Юкия Амано (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесіп тұр. Вашингтон, 2 наурыз 2017 жыл.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) басшысы Юкия Амано Вашингтонға сапарынан соң президент Дональд Трамп-тың Иранмен ядролық келісімді сынағанына қарамастан АҚШ-тың Тегеранмен келісім мәселелеріне қатысты ынтымақтастықты жалғастыратынына өзін сенімді екенін мәлімдеді. МАГАТЭ басшысы 2 наурызда АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездескен. Кездесуде не талқыланғаны туралы я МАГАТЭ, я АҚШ мемлекеттік департаменті комментарий берген жоқ.

Тегеранмен келісім 2015 жылы шілдеде жасалған. Келісім Иранның ядролық саладағы іс-қимылын кәдімгідей шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкцияларды жояды. Трамп келісімді "ең нашар мәміле" деп атап, "келісімнің орындалуын ирандықтарда ешқандай мүмкіндік қалмайтындай мұқият бақылайтынын" мәлімдеген.

Амано келісім туралы мәлімдемесі арқылы Тиллерсонмен кездесудің қалай өткенін тұспалдағанымен, келіссөз туралы толымды ақпарат бермеді.

XS
SM
MD
LG