Accessibility links

АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс сенаттың сот комитетіне берген екінші жауабында өткен жылы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кислякпен екі рет кездескені туралы ақпаратты растады. Бірақ ол ол өзінің ол кездесулер туралы сөз қозғалмаған алғашқы жауабының "дұрыстығынан" танбайтынын мәлімдеді.

Сешнс қаңтарда сенатта өзінің кандидатурасына қатысты тыңдауда "сайлау кампаниясында ресейліктермен ешқандай байланыста болмадым" деген жауабын қайталап айтты. Бірақ ол өткен аптада сайлауға қатысты болмаса да, Ресей елшісі Сергей Кислякпен екі рет кездескенін мойындаған.

"Мен Ресей елшісімен, я Ресей үкіметінің өзге кез-келген өкілімен осы я басқа жағдайға қатысты саяси кампания турасында қандай талқылау болғанын еске түсіре алмаймын" деді Сешнс екінші қайтара берген жауабында.

Сенаторлар одан Трамптың серіктері мен ресейліктер арасында бірнеше рет байланыс болған деген деректер расталған жағдайда не істейтінін сұраған.

"Мен Ресей елшісімен соңғы жылдардағы байланысым туралы айтқан жоқпын, себебі сұрақ олар туралы болмаған. Менің жауабым дұрыс болған" деді Сешнс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG