Accessibility links

Солтүстік Корея Малайзия азаматтарының елден шығуына тыйым салды


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақта) мен оның ағасы Ким Чен Нам.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақта) мен оның ағасы Ким Чен Нам.

Солтүстік Корея билігі бүгін Малайзия азаматтарының елден шығуына тыйым салды. Бұған жауап ретінде Куала-Лумпур да Малайзия территориясында жүрген Солтүстік Корея азаматтарына қатысты да осындай шара қабылдады.

14 ақпанда Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Корея президентінің Ким Чен Намды бейтаныс адам улап, қайтыс болған. Намның бетіне тез әсер ететін у тиген орамал лақтырған. Қастандыққа Солтүстік Кореяның бірнеше адамы күдікті деп танылған. Малайзия полициясының басшысы Халид Абу Бакардың сөзінше, ол адамдар Куала-Лумпурдегі Солтүстік Корея елшілігінде жасырынып отыр. Ким Чен Намның өліміне қатысты іс бойынша төрт адам ұсталған. Күдікті екі адам - Вьетнам мен Индонезия азаматтарына ендігі айып тағылды. Оларға өлім жазасына кесілу қаупі төніп тұр.

Әуежайда Ким Чен Намға шабуыл жасалған соң Малайзия билігі қауіпсіздік мақсатында Солтүстік Корея азаматтарының елге визасыз кіру тәртібін жойды.

Ким Чен Нам - Солтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Чен Ирдің үлкен ұлы. Ол соңғы жылдары көбінесе шетелде тұрып, Солтүстік Корея билігін ашық сынап жүрген еді.

XS
SM
MD
LG