Accessibility links

Ирак армиясы Мосулдағы банк бөлімшесін басып алды


Мосулдағы әуе шабуылдары. Ирак, 6 наурыз 2017 жыл.
Мосулдағы әуе шабуылдары. Ирак, 6 наурыз 2017 жыл.

Ирак қауіпсіздік күштері Мосулдағы Ирак орталық банкінің бөімшесін басып алды декп хабарлады Ирак армиясының ресми өкілі подполковник Абдель Амир әл-Мохаммадави. Мұнда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының сот органы орналасқан.

Бұл сот қатыгездігімен, соның ішінде адамдарды таспен ату, биік ғимараттың шатырынан лақтыру және қолын шабу сияқты үкімдерімен аты шыққан. ИМ содырлары 2014 жылы жазда Мосулды басып алғанда банк бөлімшесін тонаған.

Банктің бұрынғы бөлімшесі қаланың үкімет ғимараттары орналасқан көшеде тұр. Ирак армиясы өкілінің айтуынша, Ирак әскері үкімет ғимараттары кешеніне 6 наурызға қараған түні шабуылдаған. Ол түнгі уақытта жүргізілген, біра сағатқа созылған шабуылда үкімет ғимараты мен оған жапсарлас үкімет кешені қайтарып алынғанын айтты. Бұл шабуылдан ИМ-нің ондаған содырының көзі жойылған.

Үкімет ғимараттарының кешенін басып алу Ирак әскерінің содырларды оған жақын кварталдардан тықсырып шығаруына септеседі. Қаланың ескі бөлігі Тигр өзенінің батыс жағында орналасқан. Қаланың батыс жағына шабуыл басталғанда бұл аудандардағы бейбіт тұрғындар саны 750 мыңға жуық болған.

Кеше Ирак әскерилері Тигр өзені үстінен өтетін бес көпірдің біріне бақылау орнатқан.

XS
SM
MD
LG