Accessibility links

Текебаевтың адвокатына "Атамбаевтың абыройын қорғау" туралы шағымданды


Талайгүл Токтакунова, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевтың адвокаты. Бішкек, 1 наурыз 2017 жыл.
Талайгүл Токтакунова, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевтың адвокаты. Бішкек, 1 наурыз 2017 жыл.

Қырғызстан бас прокуратурасы қамауға алынған парламенттегі оппозициялық "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаевтың адвокаттары - Таалайгүл Токтакунова мен Қанатбек Азизге қарсы шағым берді.

Токтакунова Азаттыққа шағымды 16 наурызда Бішкектің Октябрь аудандық соты қарайтынын хабарлады.

Бішкектегі бас прокуратураның баспасөз қызметі Азаттыққа шағымда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың абыройы мен қадыр-қасиетін қорғауды талап еткенін хабарлады.

1 наурызда Таалайгүл Токтакунова баспасөз конференциясында Бішкек түбіндегі Дача-Су ауылында апатқа ұшыраған жүк ұшағының бортында болған жүктің "президент Атамбаев пен оның әйеліне тиесілі болғанын дәлелдейтін" құжат барын мәлімдеген.

6 наурызда бұл мәселеге қатысты комментарий берген Атамбаев депутаттарға бұл деректің ақиқатын білу үшін Гонконгке немесе Стамбулға барып қайтуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG