Accessibility links

Тиллерсон "АҚШ-тың Ресей басқыншылығына қарсы Украинаға көмектесетінін" айтқан


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон (оң жақта) мен Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин. АҚШ, Вашингтон, 7 наурыз 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон (оң жақта) мен Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин. АҚШ, Вашингтон, 7 наурыз 2017 жыл.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның "Вашингтон Ресей басқыншылығына қарсы Украинаға көмектесетінін" айтқанын хабарлады.

Климкин бұл мәлімдемесін наурыздың 7-сі күні Вашингтонда ExxonMobil компаниясының бұрынғы бас директоры, қазір АҚШ мемлекеттік хатшысы болып тағайындалған Тиллерсонмен кездесіп шыққаннан кейін жасаған.

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың кейбір мәлімдемелерінен соң Украина мен Батыс елдері Вашингтонның Ресейге қатысты саясаты жұмсарады деп алаңдаған еді.

Трамп президенттік жұмысқа кіріскелі АҚШ 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін жаулап алған Ресейге салынған санкцияларды қолдайтынын білдірді. Ресейді Украина "елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдайды" деп айыптап отыр.

Климкин «[Тиллерсон] АҚШ-тың Украинаның Ресей агрессиясына қарсы тұру әрекеттерін тұрақты қолдайтынын айтып сендірді. Ол Украинаның АҚШ-тың маңызды әріптесі екенін мәлімдеп, реформа жолында Вашингтонның жәрдем көрсететінін айтты" деді.

XS
SM
MD
LG