Accessibility links

Кабулда содырлар әскери ауруханада жарылыс жасады


Ауған әскері қоршауға алған аурухана аймағы. Кабул, 8 наурыз 2017 жыл.
Ауған әскері қоршауға алған аурухана аймағы. Кабул, 8 наурыз 2017 жыл.

8 наурыз күні Кабулдағы орталық әскери ауруханаға қарулы содырлар шабуыл жасады. Бұл туралы Ауғанстанның қорғаныс министрі хабарлады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Даулат Вазири "Белгісіз содырлар Сардар Мохаммад Дауд Хан ауруханасына шабуыл жасап жатыр" дейді.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Седик Седикки "көрші ауданда атыс болып жатыр" дегеннен басқа ақпарат бермеді.

Шабуыл басталар алдында аурухананың бір бұрышында жарылыс болған. Мұнан соң дәрігерлер сияқты киінген бес содыр гопистальге кіріп кеткен. Қазір аурухананы Ауғанстан әскері қоршап тұр. Атыс жүріп жатыр. Қаза тапқандар мен жараланғандар жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

Аурухана қызметкері Facebook арқылы «Шабуыл жасаған содырлар ауруханаға кірді. Біздің амандығымыз үшін дұға етіңіздер» деп жазды.

Кабулдың шетелдік елшіліктер орналасқан, жақсы күзетілетін ауданындағы әскери ауруханаға - 400 адамға арналған ірі госпиталь.

XS
SM
MD
LG