Accessibility links

Мәскеуде бірнеше белсенді мен журналист ұсталды


Мәскеу Кремлі мен Манеж алаңына қарап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Мәскеу Кремлі мен Манеж алаңына қарап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Мәскеуде Кремльдің қабырғасына баннер ілмек болған бірнеше белсенді әйел ұсталды деп хабарлады "ОВД-Инфо".

Белсенді Катрин Ненашеваның Facebook парақшасына жазуына қарағанда, кемінде бес адам ұсталған, олардың арасында "Новая газета" басылымының фотографы да бар. Ұсталған азаматтарды полиция бөлімшесіне әкеткен.

Белсенділер ілмек болған баннерде "Билікте 200 жылдан бері ерлер отыр. Жойылсын" деген сөз болған.

XS
SM
MD
LG