Accessibility links

Кабулдағы шабуылдан қаза тапқандар бар


Шабуыл жасалған әскери аурухана маңында тұрған полицейлер. Кабул, 8 наурыз 2017 жыл.
Шабуыл жасалған әскери аурухана маңында тұрған полицейлер. Кабул, 8 наурыз 2017 жыл.

Кабулдағы АҚШ елшілігіне жақын орналасқан әскери ауруханаға дәрігердің киімін киіп кірген жанкешті өзін жарып жіберген соң іле шала төрт қарулы содыр оқ жаудырды.

Ауғанстанның қорғаныс министрлігі аурухана ішінде атыс жүріп жатқанын, зардап шеккендердің бар екенін хабарлады. Resters агенттігінің ақпаратына сәйкес, кем дегенде бір пациент оққа ұшып, бірнеше адам жараланған.

Бір апта бұрын Талибан содырлары Кабулдағы барлау қызметінің ғимараттарына бірнеше шабуыл жасап, ондаған адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG