Қырғызстандағы феминистік ұйымдар халықаралық әйелдер күні мейрамы кезінде билік пен қоғамның назарын құқықтарын қорғау мәселесіне аудартуға тырысты.
Жергілікті белсенділер Бішкекте шеру ұйымдастырып, зорлық-зомбылық, отбасындағы ұрып-соғу және қыз алып қашу сияқты құбылыстарға наразылық танытты. Демонстранттар Қырғызстан парламентінің жасы 23-ке толмаған қыздарды шетелге жалғыз жібермеу туралы дайындап, өткізе алмай қалған заң жобасын сөкті.
Белсенділердің сөзінше, наурыздың 8-і - тек гүл сыйлау күні емес, әйелдер теңдігін еске алу күні.
Елдегі дағдарыс орталықтарының мәліметі бойынша, қырғызстандық әйелдердің 83 пайызы үйінде зорлық-зомбылық көрген.