Accessibility links

Санкт-Петербургте полиция феминист белсенділерді ұстады


Санкт-Петербург полициясы. (Көрнекі сурет)
Санкт-Петербург полициясы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Нева даңғылында феминистік акцияға шыққан жеті әйелді полиция ұстады деп хабарлады фотограф Давид Френкель. "ОВД-Инфо" тәуелсіз құқық қорғау медиа орталығы тоғыз адам ұсталғанын айтты. Олардың бәрін полицияның 78-бөлімшесіне апарған.

"Росбалт" дерегінше, акцияға 50 шақты белсенді қатысқан. Олар полицияға "Тым болмаса бір рет ұялсаңдар екен" деп ұрандатқан.

Бүгін Мәскеуде де бірнеше белсенді әйел ұсталған. Олар Кремльдің мұнараларының біріне "Ұлттық идея – феминизм" деген жазуы бар баннер ілген. Тағы бір баннерде "Билікте ерлер 200 жылдан бері отыр. Жетер" деген жазу болған. Полиция кейін оларды босатқан.

Ресейде 8 наурызды халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтеді.

XS
SM
MD
LG