Accessibility links

Тикрит маңындағы жарылыстардан 30 адам қаза тапты


Ирактағы содырлар жасаған жарылыстардың бірі (Көрнекі сурет).
Ирактағы содырлар жасаған жарылыстардың бірі (Көрнекі сурет).

Ирак билігінің мәліметінше, Тикрит маңындағы Хаджаж елді мекенінде үйлену тойы кезінде жанкешті террористер жасаған екі шабуылдан кем дегенде 30 адам қаза тауып, 26 адам жараланды. Хаджаж елді мекені Бағдадтан шамамен 160 километр қашықтықта орналасқан. Полиция екі жанкештінің денесіне байлап алған жарылғыш заты бар белдемшені жарғанын айтады.

Әзірге жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ бақылауындағы Мосул қаласының маңындағы ұрыстарда жеңіле бастаған экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы бұған дейін осыған ұқсас әлденеше жарылыс жасаған.

Бұл уақытта Ирак әскері Мосул қаласының батыс бөлігін қайтарып алуға талпынып жатыр.

XS
SM
MD
LG