Accessibility links

Кабулдегі әскери ауруханаға жасалған шабуыл құрбандары 30 адамға жетті


Кабулдегі шабуыл жасалған әскери аурухана жанында тұрған қауіпсіздік қызметкерлері. Ауғанстан, 8 наурыз 2017 жыл.
Кабулдегі шабуыл жасалған әскери аурухана жанында тұрған қауіпсіздік қызметкерлері. Ауғанстан, 8 наурыз 2017 жыл.

Ауғанстан қорғаныс миинстрлігі 8 наурызда Кабулдағы әскери ауруханаға жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға, жараланғандар 50 адамға жеткенін мәлімдеді. Шабуылды ауруханаға дәрігер киімін киіп кірген адамдар жасаған. Шабуыл жасапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. Құрбандар арасында дәрігерлер, науқастар мен медициналық қызметкерлер бар.

Дәрігерлердің сөзінше, жанкешті 40 адамға арналған аурухананың артқы есігінде өзін-өзі жарып жіберген соң, үстіне ақ халат киген қарулы үш адам ауруханаға оқ жаудырған.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал Давлат Вазири АҚШ елшілігіне қарама-қарсы орналасқан Сардар Мохаммад Довудхан ауруханасына жасалған шабуылдан соң аурухана ішінде содырлар қауіпсіздік күштерінің сарбаздарымен атысқан.

Ауруханадағы шабуылдан тірі қалғандар оқиғаны "қанды қырғын" деп атады. Шабуыл жасағандардан жасырынып, кейін қашып шыққан Захир Хан қарулы адамның дәрігерлерге, науқастар мен ауруханаға келгендерге қалай оқ атқанын көзімен көргенін айтады.

XS
SM
MD
LG