Accessibility links

БАҚ: Ақ үй Ресейдегі елші қызметіне Хантсманды ұсынды


Джон Хантсман, америкалық дипломат, Юта штатының бұрынғы губернаторы.
Джон Хантсман, америкалық дипломат, Юта штатының бұрынғы губернаторы.

Америкалық БАҚ Ақ үйдің Юта штатының губернаторы Джон Хантсманға АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болуды ұсынғанын, ал Хантсманның оны қабыл алғанын хабарлады.

Ақ үйдің аты-жөнін атамаған шенеунігіне сілтеме жасаған Politico, Associated Press және NBC президент Дональд Трамптың Хантсманды Федералдық тергеу бюросы (FBI) мен конгресс Ресейдің өткен жылғы президент сайлауына кибершабуылдар жасау арқылы ықтимал килігуін тексеріп жатқан тұста Ресейге елші етіп тағайындайтынын хабарлады.

2012 жылы Республикашыл партия атынан президенттікке түсуге үміткер болған Хантсман үлкен Джордж Буштың президенттігі тұсында АҚШ-тың Сингапурдағы елшісі, Барак Обаманың тұсында Қытайдағы елші болған.

Хантсман өткен жылғы сайлау кампаниясында Трампты қатты сынап, оны әйелдерге қол жүгірте алатыны туралы айтып мақтанған видеотаспа жарияланған соң президенттік бәсекеден шығуға шақырған.

Бірақ Politico Хантсманның содан бері Трампқа деген көзқарасы өзгеріп, екеуінің жақсы қарым-қатынас орнатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG