Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов патшайым ІІ Елизаветаға сенім грамотасын тапсырды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, грамота тапсыру салтанаты 8 наурызда Букингем сарайында өткен.
"Ыдырысов аса мәртебелі патшайым ІІ Елизаветаға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтауын жолдап, тақта отырғанына 65 жыл толуымен құттықтады" делінген СІМ хабарламасында.
2012 жылдан бері Қазақстан сыртқы істер министрі болған Ерлан Ыдырысов 2016 жылы 30 желтоқсанда қызметінен босап, Ұлыбританиядағы елші болып тағайындалған.