Киевте Халықаралық әйелдер күні мыңға жуық адам әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шығып, теңдікті талап етуге шақырып марш өткізді. 8 наурыз Совет одағында атап өтілетін және қазір де Украинада кең атап өтіледі. Бірақ белсенділер бұл күні әйелдерге гүл сыйлап, жылы сөз айту дәстүрі - әйелдердің шын мәнінде қалайтын нәрсесі емес дейді.
"О баста бұл гүл сыйлау емес, әйелдер құқығы үшін күресу күні болған. Мен маршқа оның әуелгі мән-мағынасын қайта тірілту үшін келдім" деді 22 жастағы студент Алина Забрюко France Press агенттігіне. Маршқа қатысқандар "Әйелдер құқығы - адам құқығы" деп ұрандатып, қолдарына "Патриотизмдеріңіздің керегі жоқ! Барлығымызға феминизм керек", "Гүл емес, қауіпсіздік сыйлаңыздар" деп жазылған баннерлер ұстап шықты.
Маршқа қатысқандардың сөзінше, олар осы акциялары арқылы қоғамның назарын тұрмыстағы зорлық-зомбылық, отбасындағы қатыгездікке және қарулы күштер қатарындағы әйелдерді жәбірлеуге аудармақ болған. "Украинада бүгін де әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көрсетіледі. Ол көп жағдайда көрінбей жатады - ол отбасында, ауруханада, жұмыста болып жатады. Оған тиісті түрде назар аудармайды" деді Адам құқығы жөніндегі ақпарат орталығы" ұйымының сарапшысы Диана Поладова.
Полиция акцияға қарсы үш әйелді олар маршқа қатысқандарға дезинфекция жасайтын зат шашпақ болғанда ұстады. "Олар украин әйелдерін украин ерлерінен бөлектейді" деді полиция ұстағандардың бірі.