Accessibility links

Алматыда Жаманқұлов пен Жаныбековтің үстінен сот басталды


Режиссер Талғад Жаныбеков сот залында камерада отыр. Алматы, 9 наурыз 2017 жыл.

Алматыда бүгін түстен кейін кино түсіруге бөлінген қаржыны жымқыруға қатысты айыпталған актер әрі режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жаныбековке қатысты сот процесі басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот Медеу аудандық қылмыстық істер сотында өтіп жатыр.

Жаманқұлов пен Жаныбековке және осы іске қатысты айыпталған "Қазақфильм" компаниясының топ-менеджері Гаухар Ысқақоваға қатысты алдын ала сот тыңдауы 27 ақпанда өткен. Ол кезде судья Тәкен Шәкіров адвокаттар Серік Айтбаев, Рена Керімова мен Елена Жигаленоктің Жаныбековті және Ысқақованы кепілге босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

Сот залына кірмес бұрын Жаманқұловтың адвокаттары Азаттық тілшісіне соттың бірінші отырысы блғандықтан әзірге ешқандай комментарий бере алмайтынын айтты.

Бұл іс бойынша төрт адам, оның ішінде белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов және "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина айыпталып отыр. Тағы бес адамға қаржы жымқыруға көмектесті деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG