Accessibility links

Лукашенко "арамтамақтар" салығының күшін уақытша тоқтатты


Наразылық акциясына қатысушылар "Негізгі масыл - шенеунік" деген жазу ұстап шықты. Брест, 5 наурыз 2017 жыл.
Наразылық акциясына қатысушылар "Негізгі масыл - шенеунік" деген жазу ұстап шықты. Брест, 5 наурыз 2017 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко "арамтамақтарға" салық салу туралы жарлығының күшіне енуін бір жылға шегерді. 9 наурызда Минскіде өткен үкімет жиынында Лукашенко салық салу туралы жарлығы жойылмайтынын, тек салық жинау бір жылға кейінге қалдырылатынын мәлімдеді.

Беларусь елінде "арамтамақтарға" салынатын салық 2015 жылы сәуірде енгізілген. Президент Александр Лукашенконың жарлығына сәйкес, жыл ішінде 180 күннен аса жұмыс істемеген, елдегі еңбек бюроларына тіркелмеген азаматтардың бәрі мемлекет қазынасына жыл сайын шамамен 200 еуро көлемінде бір жолғы салық төлеуі тиіс. Салықты төлеудің алғашқы мерзімі биылғы ақпанның 20-сында аяқталған. Қаңтардан бері Беларусь тұрғындары бірнеше қалада "арамтамақтар" салығына қарсылық білдіріп, жаппай шерулер өткізе бастаған.

Заң бойынша, тіркелген жұмыс іздеушілер, үй шаруасындағылар, фермерлер және Ресейде жұмыс істейтін беларусь азаматтары салықтан босатылады.

XS
SM
MD
LG