Accessibility links

Прокурор Батырбековті журналистік қызметінен 10 жылға шектеуді сұрады


Журналист әрі белсенді Амангелді Батырбеков. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы, 21 қыркүйек 2016 жыл.
Журналист әрі белсенді Амангелді Батырбеков. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы, 21 қыркүйек 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы бүгін белсенді, журналист Амангелді Батырбеков пен бұрын өзін сотқа берген прокурор Нұрлан Сапаровтың апелляциялық шағымдарын қарай бастады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шағымды судья Пірниязов қарап жатыр. Сотқа Батырбековтің өзі және адвокаты Үсенова, жәбірленуші прокурор Сапаров, айыптаушы прокурор Жүнісбеков қатысты.

Батырбеков шағымда өзінің рақымшылықпен босап шығуына толық қанағаттанбайтынын айтып, соттан өзін толық ақтауды сұрады. Ол бүгінгі сотта соттан облыс прокуроры Имановтан жауап алу туралы талап-арыз білдірді. Бірақ судья оның іске қатысы жоқ деп қанағаттандырмады.

Сапаров шағымында төрт талап-арыз білдірген. Бірақ бүгінгі сотта ол оның біреуін ғана - Батырбековты 10 жыл журналистік қызмет атқару құқығын шектеу талабын ғана қалдыруды сұрады. Судья шағымды Сапаровтың осы бір талабы бойынша ғана қарайтын болды.

Соттың келесі отырысы 16 наурызға қалдырылды.

ОҚО Сарыағаш ауданында бұған дейін бір рет сотталған Амангелді Батырбеков қаңтарда рақымшылықпен босап шыққан. Бір іспен екі рет сотталған белсенді рақымшылыққа разы емес, «толық ақталуым керек» дейді.

XS
SM
MD
LG