Accessibility links

Еуропарламент комитеті Украинамен визасыз режимді мақұлдады


Еуропа Одағымен интеграцияны қолдаушы украиналық жастар.Киев, 5 сәуір 2016 жыл.
Еуропа Одағымен интеграцияны қолдаушы украиналық жастар.Киев, 5 сәуір 2016 жыл.

Еуропа парламентінің азаматтық бостандық, әділет және ішкі істер комитеті Украина азаматтарынан Еуропа Одағына (ЕО) кірерде виза сұрамау туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын комитеттің 39 мүшесі қолдады, төртеуі қарсы болды, біреуі қалыс қалды.

Еуропарламент 5 сәуірде өтетін отырысында бұл құжатты қарайды.

2016 жылы желтоқсанда ЕО елдері мен Еуропарламент Украина мен Грузия азаматтарына ЕО-ға визасыз келу тәртібін талқылап бітуге келіскен. Өткен айда Еврокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер "Украинаға қатысты визасыз тәртіп жайы жазға дейін шешіледі" деп мәлімдеген.

Ал ЕО мен Грузия арасындағы визасыз режим жайлы құжатқа 1 наурызда қол қойылған.

XS
SM
MD
LG