Accessibility links

Дональд Туск Еуропа кеңесінің басшысы болып екінші мерзімге сайланды


Дональд Туск, Еуропа кеңесінің басшысы.
Дональд Туск, Еуропа кеңесінің басшысы.

Дональд Туск Еуропа кеңесінің басшысы болып қайта сайланды. Ол бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарады. 9 наурызда ЕО саммитінде оның екінші мерзімге сайлануын Еуропа Одағына (ЕО) мүше 28 елдің 27-сінің басшылары мен үкіметбасылары қолдап дауыс берді.

Тусктің қайта сайлануына Польша ғана қарсы шықты. Туск Еуропа кеңесінің төрағасы болмастан бұрын Польша премьері қызметін атқарған. Польшаның биліктегі "Құқық және әділеттілік" партиясының басшылығы Тусктің "билікті құлатқысы келетін" оппозицияны жақтайтынын мәлімдеді.

Тус Еуропа кеңесі президенті болып 2014 жылы 1 желтоқсанда сайланған. Бұл қызметті бір адам екі мерзімнен артық атқара алмайды.

XS
SM
MD
LG