Accessibility links

Германия: Дюссельдорфта пойыздағы шабуылдан жеті адам жараланды


Германияда пойызда жасалған шабуылдардың бірі. Мамыр, 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Германияда пойызда жасалған шабуылдардың бірі. Мамыр, 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Германияның Дюссельдорф қаласындағы теміржол станциясында 9 наурызда балта ұстаған ер адам шабуыл жасап, жеті адамды жаралады. Жергілікті полицияның хабарлауынша, шабуыл жасаушы "бұрынғы Югославиядан шыққан" 37 жастағы адамның ақыл-есінде ауытқушылық бар және жалғыз өзі әрекет еткен. Шабуылдаған адам Германияның батысындағы Вупперталь қаласында тұрады.

Ер адам әуелі жергілікті пойызда жолаушыларға шабуылдап, сосын вокзалдың үлкен залындағы адамдарға балтасын сермеген.

Полицияның хабарлауынша, шабуылдан үш адам ауырлығы орта деңгейде жараланып, төрт адам жеңіл жараланған. Полиция оның ізіне түскенде шабуылдаушы көпірден секіріп кетіп, ауыр жараланған, қазір ауруханаға емдеуге жатқызылған.

Шабуылға байланысты Дюссельдорф станциясы уақытша жабылып, жергілікті уақыт бойынша түн ортасында қайта ашылған. Бұл аралықта Дюссельдорфқа баратын пойыздар бөгелген я басқа бағытқа жіберілген.

Германияда сырттан келген мигранттардың балта я пышақпен қаруланып шабуыл жасауы бірінші рет болып отырған жоқ. Өткен жылы Баварияда пышақ және балтамен қаруланған, психикасында ауытқушылығы бар деп саналатын ауған босқыны пойызда жолаушыларға шабуылдаған.

XS
SM
MD
LG