Молдова парламенті Ресей арнайы қызметін ресейлік шенеуніктердің Молдова банктерінен ықтимал қаржы жымқыруына қатысты істі тергеуінен соң саясаткерлерінің жүрегін шайлықтырды деп айыптады. Парламенттің спикер Андриан Канду қол қойған мәлімдемесінде соңғы айларда ресейлік агенттер 25 молдовалық депутат, барлау қызметкерлері мен еуропашыл саясаткерлерді "ұстап, тергегені" және "қорлағаны" айтылады.
Канду мен премьер-министр Павел Филип Ресейдің Молдовадағы елшісі Фарид Мухаметсинмен кездесіп, оған ресми шағымын тапсырды.
Парламенттің мәлімдемесінде айтылғандай, "әзірге бұл мәселе шешілмегендіктен молдова шенеуніктерінің Ресейге сапарлап барудан тартынғаны дұрыс". Ресей билігі әзірге айыптауға қатысты комментарий берген жоқ.
Молдова билігі Ресейде қаржыны елдегі банктердің бірінен бірқатар судья мен орталық банк қызметкерлері арқылы жымқырылған деп санайды. Соңғы айларда сот жүйесінің 14 қызметкері мен молдовалық белгілі бизнесмен ұсталған. Кишинев сонымен бірге Ресей тергеу аясында ынтымақтастықтан бас тартып жатыр деп мәлімдейді.