Accessibility links

Бішкек соты Текебаев пен Чотоновты қамауда қалдырды


Омурбек Текебаевты босатуды талап еткен қарсылық акциясы. Бішкек, 9 наурыз 2017 жыл.

Бішкек қалалық соты парламенттегі оппозициялық "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаевты және оның партиялас сепрігі, Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотоновты қамауда қалдырды.

Текебаевтың адвокаты Чынар Жакупбекованың айтуынша, қорғаушылар 10 наурызда Жоғарғы сотқа бұлтартпау шарасын өзгерту туралы апелляциялық шағым түсірмек. Текебаев пен Чотонов 27 ақпанда сот санкциясымен екі айға қамалған.

Коррупция қылмыс және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Текебаев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінде қамауда отыр. Жақтастары Текебаевты қамау қарашада өтетін президент сайлауы қарсаңында билікке қарсылардың үнін өшіру және Текебаеытың өз кандидатурасын ұсынуына кедергі жасау деп біледі. Бұл іс бойынша Чотонов та күдікке ілінген. Екі саясаткер де өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG