Accessibility links

Бағлан Майлыбаевты қамау мерзімі ұзарды


Бағлан Майлыбаевтың Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары кезіндегі суреті. Астана, 19 ақпан 2015 жыл.

Астана соты президент әкімшілігінің жоғары шенді бұрынғы шенеуніктері Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинді қамау мерзімін ұзартты. Есіл аудандық №2 соты президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Николай Галихинді қамау мерзімін 12 мамырға дейін ұзартқан. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, бұл туралы шешім 7 наурызда жарияланған. Майлыбаев пен Галихин "мемлекеттік құпияны заңсыз жинап, таратты және жариялады" деген күдікке ілінген.

ҰҚК мәліметінше, Бағлан Майлыбаев қаңтардың 12-сі күні қызметінен босатылып, сол күні ұсталған. Онымен бірге президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Николай Галихин де ұсталған. Қаңтардың 14-і Астананың Есіл аудандық соты Майлыбаев пен Галихинді екі айға тұтқындауға шешім шығарып, екеуі ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалған. 20 қаңтарда Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы Майлыбаевтың адвокатының оны абақтыға жабу туралы сот қаулысын өзгерту туралы шағымын қанағаттандырмай тастаған.

Майлыбаев пен Галихинге қатысты іс "құпия" деп танылғандықтан істің мән-жайы белгісіз күйде қалып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG