Мәслихаттардың босап қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, республиканың 58 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға кандидаттарды тіркеу Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында 1 наурызда аяқталған. Ал Астана қаласында 10 наурызда аяқталады.
26 наурызда өтетін сайлауда облыстық мәслихаттарға 13, қалалық мәслихаттарға 9, аудандық мәслихаттарға 36 депутат сайланады. Орталық сайлау комиссиясының 1 наурыздағы ақпараты бойынша, мәслихаттар сайлауына 201 кандидат ұсынылған.