Accessibility links

Блогер Асхат Берсәлімов қамаудан босап шықты


Блогер Асхат Берсәлімовтің қамаудан шыққан сәті. Алматы, 10 наурыз 2017 жыл.

Алматыда бүгін блогер, заңсыз митинг өткізбек болды деп айыпталған Асхат Берсәлімов қамаудан босап шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, әкімшілік қамауға алынғандар отыратын абақтыдан белсендіні мерзімінен бір сағаттай ерте босатып жіберген.

Босап шыққан соң Берсәлімов Азаттық тілшісіне өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтып, оны "абсурд" деп атады.

Белсендіні қарсы алуға журналист Инга Иманбай келді. Оның сөзінше, Берсәлімовті қолдаушылардың көбі оны сағат 12-де шығарады деп ойлап, кешігіп қалған.

Асхат Берсәлімов пен азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов 23 ақпанда түске таман қалалық ҰҚК департаменті алдында ұсталған. Мұнда азаматтық белсенді Ерлан Қалиев қамаудағы журналист Жанболат Мамайды қолдап бір кісілік акция өткізбек болған, бірақ Қалиевті одан бұрын полиция ұстап әкеткен. Кейін Қалиев пен Ағелеуов босатылып, күндіз ҰҚК департаменті алдында Ағелеуовтің мәлімдемесінен онлайн хабар таратқан Берсәлімовке полиция әкімшілік іс қозғап, сот оны 15 тәулікке қамаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG